Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда аялдама әйнегін сындырған жігіт 5 тәулікке қамалды (видео)

Опубликовано:

Аялдаманың әйнегі сынып жатыр
Әйнегі сынған аялдама. Оқиға орны: СҚО Полиция департаменті

Петропавлда аялдама кешенінің әйнегін сындырған жігіт 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Петропавлдың 21 жастағы тұрғыны мас күйде 20 шағын аудандағы аялдама кешенінің әйнегін әдейі сындырған.

Бұзақылық жасап, аялдаманы бүлдірген жігіт 5 тәулікке қамауға алынды.

Жалпы жыл басынан бері Петропавл қаласында аялдама кешендері зақымдануының 6 фактісі тіркелген.

Полицейлер облыс орталығының осындай құрылыстары мен басқа да нысандарының зақымданғаны үшін жауапкершілікті көздейтін жаңа норма барын еске салды.

"Бұған дейін мұндай құқық бұзушылықтар ӘҚБтК-нің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша сараланатын, алайда 2023 жылғы 7 наурыздан бастап заңнамада бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін жауапкершілікті көздейтін жаңа норма қолданысқа енгізілді.

Енді ӘҚБтК-нің 147-1-бабына ("Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру") сәйкес мұндай әрекеттерді жасағаны үшін жауапкершілік 20 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5 тәуліктен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуды көздейді.

Ұсақ бұзақылық қайта жасалған жағдайда 15 тәуліктен 30 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу көзделген", – дейді Петропавл қаласы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Айдын Ахмағамбетов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2014438-petropavlda-ayaldama-ainegin-syndyrgan-zigit-5-taulikke-qamaldy-video/