Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зерендіде былтыр 800 млн теңгеге салынған жылу құбырлары қирап қалды

Опубликовано:

Зерендіде қираған жылу құбырлары
Зерендіде қираған жылу құбырлары. Видеодан кадр: КТК арнасы

Ақмола облысындағы Зеренді кентінде былтыр 800 миллион теңгеге салынған жылу құбырлары қирап қалды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның хабарлауына, темір бағандармен үш метр биікке орнатылған магистраль жылу маусымы аяқталмай жатып істен шыққан. Модульді жылу қазандығы аудан орталығына былтыр бюджеттің 800 миллион теңгесіне салынған екен.

"Ой, тарс етіп құлады ғой. Бәрі шошып, үйлерінен атып шықты. Дәл осы уақытта көшеде жалғыз келе жаттым. Мынау үстіме құлағанда не болар еді. Жел де жоқ, тып тыныш. Жаңа құбырды дұрыс орнатпаған болар, әйтпесе құлай ма", – дейді Зеренді кентінің тұрғыны Андрей Светличный.

Отыз екі бағанға орнатылған ұзындығы 200 метрден асатын темір құбыр құлағанда кей жері жарылып, ыстық су атқылаған.

Зерендіні жылумен қамтитын орталық жүйе былтыр ғана пайдалануға берілген. Бірақ маусым аяқталмай жатып 500-ге жуық абонент жылусыз қалып отыр. Оның ішінде аудандық аурухана, үш балабақша мен екі мектеп бар.

Әкімдіктегілер құлаған құбырларды қостанайлық мердігер компания келсімшарт талабына сай қайта қалпына келтіруі тиіс дейді.

"Бұл компаниямен негізі қазір соттасып жатырмыз. Сапасы төмен, мына құрған котелдары, жылу жүйелерінің сапасы төмен болғандықтан біз сотқа шағымданған болатынбыз. Қазір себебін анықтап жатырмыз. Қазір орталық котелді қосып жатырмыз. Кешке таман бүкіл жылусыз қалған үйлерге жылу беріледі", – деді Зеренді ауданы әкімінің орынбасары Есімхан Байғабылов.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2014442-zerendide-byltyr-800-millionga-salyngan-zylu-qubyrlary-qirady/

pixel