jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Ақтөбеде Наурыз мерекесіне орай бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді

Кездесу
Фото: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне орай осы жылдың алғашқы қалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Мақсаты - жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу, экономикалық-әлеуметтік тұрмысты жақсарту.

Жәрмеңкеге техникалық, өндірістік және қызмет көрсету саласы бойынша 20-дан астам мекемелер мен кәсіпорындар қатысып 300 бос жұмыс орнын ұсынды: Ақтөбе қаласы ПБ Алматы ауданы №3 қалалық полиция бөлімі, "Қоғамдық даму орталығы" КММ, "Отбасын қолдау орталығы" КММ, "Аяла" өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы" КММ, "Ақтөбе ТЭЦ" АҚ, "Тілашар" Оқу орталығы", "Aqtobe su-energy group" АҚ, "Завод ЖБИ-25" ЖШС, "Анвар" ЖШС және т.б.

Кездесу
Фото: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұсынылған бос жұмыс орындары: заңгер, есепші, мониторинг бөлім басшысы, заң бөлімінің басшысы, кадр маманы, ағалшын тіл пәнінің мұғалімі, директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары, психолог, бастауыш сынып мұғалімі, математика пәнінің мұғалімі, арматуршы, газ-электр дәнекерлеуші, дәнекерлеуші, автобус жүргізушісі, күзетші және т.б.

Кездесу
Фото: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жәрмеңке барысында жұмыссыздарға тұрақты бос жұмыс орындарымен қатар, "Ұлттық жоба" аясында белсенді шаралар және атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалу жолдары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу
Фото: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгінгі күні Ақтөбе қаласы бойынша Электронды еңбек биржасы (www.enbek.kz) порталында 1776 бос жұмыс орны және 2917 түйіндеме орналастырылған.

Ақтөбеде Наурыз мерекесіне орай бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.