jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жалақысы қанша екенін айтты

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов интервью беріп тұр
Асхат Ниязов пен Мұрат Әйтенов. Видеодан кадр: "Обожаю" YouTube-арнасы

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов өзінің қанша жалақы алатынын ашық айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент әкімі журналист Асхат Ниязовтың "Обожаю" YouTube-арнасында айтты.

Журналистің "бүгінгі күні сіздің айлығыңыз қанша?" деген сауалына Әйтенов "менің жалақым 1 миллион 800 мың теңге", – деп жауап берді.

Әкімнің өзінен шымкенттік тұрғындардың орташа айлығы 234 мың теңге екенін білген журналист мемлекеттік қызметкер мен қарапайым тұрғындардың табысының арасында осындай алшақтық болғаны дұрыс па деп сұрады.

"Мен бүкіл қалаға жауап беремін. Күніне "600 миллиард" шешім қабылдаймын. Қалай ойлайсыз? Болашақта жастар ұмтыла ма осы қызметке, егер басшының жалақысы 230 мың немесе бәрінікімен тең болса?

Мен миллион тұрғыны бар қалаға жауаптымын. Басыммен жауап беретін шешімдер қабылдаймын. Кез келген сұраққа кім жауап береді? Әкім ғой, дұрыс па?!", – деп Әйтенов сауалға сауалмен жауап берді.

Мұрат Әйтенов ұлттық компанияға ауысса бұдан да көп жалақы алатынын айтты. Бірақ ол өзіне берілген мүмкіндікті пайдаланғанын жеткізді.

"Мен мысалы, ұлттық компанияға орналасып, 5-10 миллион теңге жалақы ала аламын. Маған өз халқыма қызмет етуге мүмкіндік берілді. Сол қызметті атқарып отырмын", – деді Мұрат Әйтенов.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жалақысы қанша екенін айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.