Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда төрт тұтқын жарақатпен ауруханаға түсті

Опубликовано:

түрме
Түрме. Көрнекі фото: Рexels.com

Төрт сотталушы колониядан үшкір заттың терең жарақатымен Павлодардағы бірінші қалалық ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы облыстық жедел жәрдем станциясынан хабарлады. Өңірдегі ҚАЖД жазасын өтеушілер күндіз әр уақытта шегемен өзін-өзі жаралағанын жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, №46 мекемеден алғашқы қоңырау 29 наурыз күні түске таман түскен.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері 1991 және 1978 жылы туған екі ер адамды ауруханаға жатқызған.

Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі түзеу мекемесінен барлығы 4 сотталушының ауруханаға жеткізілгенін қосты.

"29 наурыз күні сотталушылар әр түрлі уақытта дене мүшелерін жарақаттаған. Бұл әрекеттерге әкімшіліктің сотталғандардың әрекетіне қатысты ескерту жасауы (бақылау камералары) себеп болған.

Сондай-ақ сотталғандардың бойында пышақ жарақаттары болмағанын хабарлаймыз. Олар шеге қолданған.

Сотталғандар Павлодар қаласындағы ауруханалардың біріне жеткізіліп, оларға медициналық көмек көрсетіліп, мамандардың бақылауынан өткен соң мекемеге қайтарылды", – деп хабарлады Павлодар облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі.

Ведомствода қазіргі уақытта сотталғандардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық екенін, әрбір жағдай бойынша қызметтік тексеру тағайындалғанын түсіндірді.

Сондай-ақ колонияға Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен ҮЕҰ өкілдері келді.

Зардап шеккендердің екеуі ұрлық, біреуі кісі өлтіру, тағы біреуі кісі өлтіру мен тонау бойынша жазасын өтеп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2014744-pavlodarda-tort-tutqyn-zaraqatpen-auruxanaga-tusti/

pixel