Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында екі жасөспірім 2-сынып оқушысына зорлық көрсетті деген күдікке ілінді

Жарияланған күні:

жасөспірім
Жасөспірім. Көрнекі фото: Рixabay.com

Алматы облысы Жамбыл ауданының полиция бөліміне Қасымбек ауылының тұрғыны арызданып, оның кәмелетке толмаған ұлын екі жасөспірімнің қорлағанын айтқан, деп хабарлайды "ҚР ІІМ жаңалықтарының" ресми Telegram-арнасы.

Қасымбек ауылының тұрғыны полиция бөліміне 23 наурыз күні арызданған.

Ол өзінің арызында сол күні сағат 16:00 шамасында 2015 жылғы кәмелетке толмаған ұлына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері жасалғанын хабарлаған.

Арызданушының айтуынша, 2011 және 2008 жылғы екі жасөспірім ауылдың шетінде, өз жастарынан әлдеқайда кіші баланы қорлаған көрінеді.

"Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Аталған дерек бойынша оқиға қатысушыларының бірінің әкесіне, оқиғаның негізгі қатысушысы – 2011 жылғы кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты ӘҚБтК 127-бабының 3-бөлігі негізінде әкімшілік іс қозғалды", – делінген хабарламада.

Бұдан өзге, 27 наурызда дәл сол жасөспірімді мамандандырылған мектепке орналастыру мәселесін қарау үшін уәкілетті органға тиісті материалдар жолданғаны айтылған.

ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2014754-almaty-oblysynda-eki-zasospirim-ozinen-kisi-balaga-zorlyq-korsetti-degen-kudikke-ilindi/