Қар аралас жаңбыр күтілуде: ертең ел аймақтарында күн райы күрт бұзылады
Жарияланған күні:
Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылдың 31 наурызына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Астана" арнасы.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, еліміздің солтүстік, орталық облыстары жауын-шашынсыз, салқын ауа райы күтілетін суық антициклонның ықпалында болады. Қазақстан Республикасының қалған аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жауын-шашын, оңтүстік-шығыста – қар аралас жаңбыр, республиканың оңтүстігі мен батысында – қатты жаңбыр жауады.
Синоптиктердің болжауынша, оңтүстікте – өте қатты жел, шаңды дауыл, оңтүстік-батыста – найзағай ойнап, тұман түседі.
"Қазгидромет" мәліметінше, оңтүстікте, Жетісу, Алматы облыстарының таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түріндегі қатты жауын-шашын күтіледі. Түркістан облысының таулы аймақтарында, Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде қатты жаңбыр жауады.
Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан, Абай, Жамбыл облыстарында қатты жел соғады.
Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел түнде 3-8 м/с, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -7-9°С, күндіз +2+4°С.
Алматыда – көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан 3-8 жел соғады, күндіз екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +10+12°С.
Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел солтүстік-шығыстан 8-13, күндіз екпіні 17-22 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +21+23°С.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2014783-qar-aralas-zanbyr-zauady-erten-el-aimaqtarynda-kur-raiy-kurt-buzylady/