Екібастұз тұрғыны жанып жатқан үйден 9 айлық бала мен анасын аман алып шықты (фото)
Жарияланған күні:
Екібастұзда ер адам өрттің ішінен тоғыз айлық сәби мен анасын алып шықты. Оқиға куәгері өрт болып жатқан үйдің маңынан өтіп бара жатып, көмек қолын созған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 наурызда сағат 17:51-де 101 пультіне Лихачев көшесі, 11 мекенжайы бойынша үйдің жанып жатқаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері төрт бөлмелі үйдегі жеке меншік үйде ағаш веранда, жиһаз жанып жатқанын анықтады. Жоғары температураның әсерінен пластикалық терезелер, ас үйдегі тоңазытқыш балқып кеткен.
"Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін сол жерден өтіп бара жатқан 1984 жылы туған Павел Баранов өртті байқап қалып, үйдегі адамдарға көмектесуге жүгіреді. Ол монтировкамен терезінің торын ашып, алдымен баланы, кейін әйелді алып шыққан. Мұндай батыл қадамға барған азамат өзінің бұл әрекетін батырлық деп санамайды. 1987 жылы туған ер адам әйелі мен баласын Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізген. Қазіргі уақытта нәресте жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды, әйел реанимацияда жатыр", – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Тілсіз жау 25 шаршы метр аумақты шарпыды.
Өрттің шығуына электр сымның қысқа тұйықталуы себеп болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2014793-ekibastuz-turgyny-zanyp-zatqan-uiden-9-ailyq-bala-men-anasyn-aman-alyp-syqty-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.