Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жолдың ортасына отырып алған ер адам видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Жолға отырып алғңан ер адам
Алматы көшелерінің бірінде мас ер адам жолға отырып алған: @egovpress

Telegram мессенджерінде Алматы көшелерінің бірінде түсірілген видео тарады. Кадрларда кешкі уақытта белгісіз ер адам жолдың ортасында отырып алып, көлік жүргізушілеріне кедергі келтіргені көрсетілген. Бұл іске қатысты Алматы қалалық Полиция департаменті пікір білдірді.

Видео EGOV.PRESS Telegram арнасында жарияланған. Жазбада оқиғаның Алматыдағы Қазыбек би мен Панфилов көшелерінің қиылысында болғаны көрсетілген. Видеодан кешкі уақытта әлдекімнің жолдың ортасында жерде отырғанын көруге болады. Осы кезде оның жанына бірнеше адам жиналған. Видеоның жазбасында жолда отырған ер адамның әрекеті басқа жүргізушілерге кедергі келтіргенін атап өтті.

Алматы қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Өткен түнде Панфилов пен Қазыбек би көшелерінің қиылысында қоғамдық тәртіпті бұзған 1998 жылы туған Б. есімді азамат алкогольге мас болып, жанжал шығарған" - деді қалалық полиция департаменті.

Поиция департаментінің мәліметінше, құқықбұзушы әкімшілік қамауға алынған.

"Аталған факті бойынша Алмалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері әкімшілік іс қозғады. Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 440-бабы 1-бөлігі, 615-бабы 1-бөлігі және 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Алматы қаласының әкімшілік құқықбұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен Б. есімді азамат 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды", - деп хабарлады Алматы полиция департаменті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2014815-almatyda-zoldyn-ortasyna-otyryp-algan-er-adam-zurgizusilerge-kedergi-keltirdi-video/

pixel