Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Зейнетақыны 30 пайызға арттыруға болады": ақпаратқа министрлік жауап берді

Опубликовано:

Телефондағы әлеуметтік мессенджерлер
Телефондағы әлеуметтік мессенджерлер. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақының 30-50 пайызға өсетіні туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Министрліктің мәліметінше, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде зейнетақы төлемдерін қайта есептеу арқылы 30-50 пайызға арттыру туралы шындыққа жанаспайтын және интернет-алаяқтық белгілері бар ақпарат таратылған.

Таратылған бейнероликте зейнетақыны арттыру үшін 20 жылдан бастап еңбек өтілі және еңбек кітапшасында белгілі бір жазба болуы керек деп айтылады. Бұл жағдайда роликтің авторы оның қандай жазба екенін білу үшін сілтемеге өтуді сұрайды.

"Азаматтарға тексерілмеген сілтемелерге кірмеуге, сонымен қатар алаяқтар пайдалана алатын күмәнді интернет-ресурстарда өздерінің жеке деректерін қалдырмауға кеңес береміз", - делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар хабарламада ақпаратты тек ресми көздерден пайдалану және жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын ескертіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2014978-zeinetaqyny-30-paiyzga-arttyruga-bolady-aqparatqa-ministrlik-zauap-berdi/

pixel