Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәуір айында Қазақстанда ауа райы қандай болады: синоптиктер болжамы

Опубликовано:

Көктем
Көктем. Көрнекі сурет: Pixabay.com

Сәуірде күн ұзарып, жыли түседі. Десе де "Қазгидромет" РМК синоптиктері сәуір айында суық күндер де болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Солтүстік Қазақстан аумағында сәуір айының бірінші онкүндігінде орташа тәуліктік ауа температурасы 0°С болады, ал еліміздің оңтүстігінде +10°С-қа дейін жоғарылауы ықтимал. Сәуір айында Қазақстанның көптеген аумағында қар ериді.

Бір ай ішінде республика аумағында ашық күндер де, салқын, бұлтты күндер де болады деген болжам бар. Каспийдің оңтүстігінен және Ресейдің батыс аумағынан шыққан циклондардың салдарынан кей күндері жаңбыр, екпінді жел күтілуде, ал Қазақстанның оңтүстігінде найзағай, шаңды дауыл болып, ауа райы тұрақсыз болады.

Сәуірдің бірінші онкүндігінің басында Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Ал оңтүстік аймақта ауа температурасы түнгі уақытта 1-6°С-қа дейін суытады.

Ауа температурасы мына өңірлерде біртіндеп жоғарылайтын болады:

  • Қазақстанның батысында түнде 0,+10°С-тан +7+17°С-қа дейін, күндіз +7+15°С-тан +17+28°С-қа дейін;
  • еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнде -6+5°С-тан +5+12°С-қа дейін, күндіз +5+15°С-тан +20+28°С-қа дейін;
  • еліміздің шығысында түнде -7-20°С-тан 0,-5°С-қа дейін, күндіз 0,-5°С-тан +8+13°С-қа дейін;
  • республиканың солтүстігінде, орталығында барикалық түзілімдердің жиі өзгеруі нәтижесінде ауа температурасының ауытқуы болжанады. Түнде -5-10°С-тан 0,+5°С-қа дейін, күндіз +3+10°С-тан +10+18°С-қа дейін.

Сәуірдің екінші және үшінші онкүндіктерінде Иран мен Орта Азия аумақтарынан жылы ауа келіп, ауа температурасы мына өңірлерде жоғарылауы мүмкін:

  • еліміздің солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде +5+13°С, күндіз +15+25°С-қа дейін;
  • оңтүстік өңірлерде және батысында түнде +10+17°С, күндіз +25 +35°С-қа дейін.

Алайда суық ауа райы да қайта оралу мүмкін. Республиканың солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында Ресей аумағынан суық ауа жетіп, түнде ауа температурасы -2-7°С-қа дейін, күндіз +6+13°С-қа дейін жетеді. Еліміздің оңтүстік өңірлері мен батысында ауа температурасы түнде -2+7°С-қа дейін, күндіз +10+18°С-қа дейін төмендеуі ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2014979-sauir-aiynda-qazaqstanda-aua-raiy-qandai-bolady-sinoptikter-bolzamy/