Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында 8 адамның өліміне кінәлі деп күдіктелген ер адам сотталды

Опубликовано:

Жол-көлік оқиғасы
Жол-көлік оқиғасы. Видеодан кадр: Т.me/POLICE_of_KZ

Ақтөбе облысында 8 адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасына қатысы бар ер адамға сот үкімі шықты. Бұл туралы облыстық соттың ресми сайтында хабарланды.

Мұғалжар аудандық сотында абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзды деген айыппен сотқа берілген (ҚК-нің 345 б. 4б.) К-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдарына cәйкес К. есімді азамат "ВАЗ-21140" маркалы автокөлікті басқара отырып, "Ақтөбе-Астрахань" тас жолының бойына шығу барысында жол қозғалысы ережелерінің талаптарын бұза отырып, басты жолда келе жатқан көлікке назар аудармай, LADA Largus маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Бұл ретте соңғы автокөлік қозғалыс бағытын еріксіз қарама-қарсы бағытқа өзгертіп, Kia Sorento автокөлігімен соқтығысқан.

Оқиға орнында 5 адам қаза тауып, аудандық ауруханада 3 адам қайтыс болған.

Сот отырысында сотталушы тағылған айыпты толық мойындады.

Сот жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жәйлар ретінде сотталушының жасаған қылмыстық іс-әрекетіне шын жүректен өкінуін және келтірілген материалдық, моральдық шығындарды өтегенін таныды. Сонымен қатар сотпен сотталушының денсаулық жағдайы назарға алынды (3 топтағы мүгедектігі және онкологиялық ауруы бар).

Прокурор тағылған айыпты қолдап, соттан сотталушыға 7 жылға көлік басқару құқығынан айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын тағайындауды сұрады.

Жаза өтеу орны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесі белгіленген.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2015047-aqtobe-oblysynda-8-adamnyn-olimine-kinali-dep-kudiktelgen-er-adam-sottaldy/

pixel