Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қоқысын тоғызыншы қабаттан лақтырған Ақтау тұрғынының басы дауға қалды

Опубликовано:

Үстіне қоқыс құлаған көлік
Куәгерлер фотосы: lada.kz сайты

Ақтауда тоғызыншы қабаттан лақтырылған қоқыс көлікке зақым келтірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Ақтау қаласының тоғызыншы шағын аудандағы №16 үйде 2 сәуір күні түстен кейін болған.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, сағат 15:00 шамасында "102" кезекші бөліміне көлікке қоқыс толы қап лақтырылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Аудандық полиция инспекторлары оқиға орнына келіп, қоқысты терезеден 27 жастағы ер адам лақтырғанын анықтады.

Құқық бұзушыға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 505-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Айта кетейік, қалалар мен елдімекендердің аумағын абаттандыру талаптарын бұзғандарға, сондай-ақ инфрақұрылым нысандарына зиян келтіріп, қалалар мен елдімекендердегі жасыл желектерді жойып, бүлдіргендерге ескерту немесе жеке тұлғаларға – 20, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерге немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 30, орта кәсiпкерлiк субъектiлерге – 40, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерге – 100 АЕК мөлшерiнде айыппұл қарастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2015180-qoqysyn-togyzynsy-qabattan-laqtyrgan-aqtau-turgynynyn-basy-dauga-qaldy/

pixel