Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зейнетке шыққан Бердібек Сапарбаев оқытушылық қызметке кіріскенін айтты

Опубликовано:

Бердібек Сапарбаев дәріс залында
Бердібек Сапарбаев жастарға дәрі оқуда. Фото: Facebook/Бердібек Сапарбаев

Зейнеттегі мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаев Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясында дәріс оқитыны туралы Facebook-тегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кезінде министр, бірнеше облысқа әкім болған саясаткер желідегі жазбасында оқытушылыққа кездейсоқ келмегенін айтады.

"2018 жылдың сәуір айында ақпараттық агенттік беттерінде менің "демалысқа шыққанда жастарға сабақ берсем деймін" деген ойым жарық көрген екен.

Сол ойымды 53 жылдық жұмыс өтілімді аяқтаған соң, мемлекет басшысы жанындағы мемлекеттік басқару академиясының білім алушыларына арналған дәрістерімнің аясында жүзеге асыру туралы шешім қабылдадым", - дейді экс-әкім желідегі жазбасында.

Сондай-ақ Бердібек Сапарбаев жазбаға байланысты сұрақ қойған желі қолданушыларына жауап берген.

Экс-әкімнің сөзінше, ол академия магистранттарына, мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет, халықпен қарым-қатынас бойынша дәріс береді.

Одан желі қолданушыларының бірі қанша жалақы алатыны туралы сұраған. Оған берген жауабында экс-шенеунік "зейнетақым бар, жеткілікті", деп жауап берген.

Өз кезегінде оқырмандары Бердібек Сапарбаевқа сәттілік тілеп, бұл қадамына қолдау білдірген.

"Сіздің тәжірибеңіз мол! Кейінгі жастарға мемлекеттік басқару ісінен көп тәлім-тәрбие бергеніңізді құптаймын! Еңбегіңіз аз емес! Сізге сәттілік тілеймін!", "Бәрекелді! Алған біліміңіз бен жинақтаған тәжірибеңіз дәріс оқуға әбден жеткілікті. Сіздей практик-профессионалдан дәріс тыңдау қандай керемет", - деп пікір қалдырған желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2015189-zeinetke-syqqan-berdibek-saparbaev-oqytusylyq-qyzmetke-kiriskenin-aitty/

pixel