Оралда сәбилерін 1 млн теңгеге сатқан әйел ұсталды
Жарияланған күні:
Оралда бала сатумен айналысқан 31 жастағы келіншек ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі өткізген брифингке сілтеме жасап.
Брифингте сөз сөйлеген ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы Қанат Нұрмағамбетовтің айтуынша, келіншек 2018 және 2019 жылы туған екі баласын сатып жіберген.
"Алғашқы факт 2018 жылдың маусым айында тіркелген. Әйел жаңа туған баласын Атырау облысындағы ерлі-зайыптыларға заңсыз асырап алу үшін сатып жіберген. Екінші факт 2022 жылдың желтоқсан айында тіркеліп отыр, әйел үш жасар қызын оралдық ерлі-зайыптыларға 1 млн теңгеге сатқан", – деді Нұрмағамбетов.
Аталған фактілер Қылмыстық кодекстің 135 бабы "Кәмелетке толмағандарды саудалау" дерегі бойынша тіркелген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2015210-oralda-sabilerin-1-mln-tengege-satqan-aiel-ustaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.