Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл сұмдық": этнограф жүктілікті анықтайтын тестті ата-енесіне көрсететін келіндерді сынға алды

Опубликовано:

Жүктілік
Жүкті әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазіргі таңда жүктілікке қатысты түрлі салт-дәстүрлер қоғамға еніп келеді. Елімізге белгілі этнограф Тұрар Саттарқызының айтуынша, кейбір дәстүрлерді мүлде қолданбау керек, деп жазады АйнаLine бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Әйелдің аяғы ауыр екенін айналасындағы жақын деген адамдар білгені дұрыс. ТикТок-та бір видео таралып жатыр. Келіні екі сызығы бар жүктілік туралы тестті қайын атасы мен енесінің алдына келіп тастайды. Соны да көрдім. Бұл деген сұмдық қой! Салтымыз бар, дәстүріміз бар. Ер адам аяғы ауыр әйелі босанғанда да қатысып жатады. Бұл - дұрыс емес. Ал құрсақ шашу дәстүрі ене мен келін арасын жақындатады. Қазір ене келінін, келін енесін жамандап жүреді ғой. Ал бұл дәстүрде ене келініне бар жағдайды жасап, келін ененің қамқорлығын сезініп жүреді. Құрсақтағы бала да қорқып қалмайды", - деді этнограф Тұрар Саттарқызы.

Сондай-ақ қоғам белсенді гендер-патиден бас тартып, оның орнына қазақ дәстүріне сай құрсақ шашу жасау керектігін ескертті.

"Құрсақ шашуға тек әйелдер қатысады. Жас келіннің баталы екенін байқаған енесі киіз үйдің оң жағына ақ орамал байлап қойған. Бұл осы үйде жүкті әйел барын білдіреді. Осыны көргендер атпен жүрсе, қатты дүбірлетпей өтетін болған. Балалар шуламай, тыныш жүруге тырысқан. Міне, осындай керемет салтымыз бар. Гендер-пати жасайтындар осыны ұмытпау керек", - деді маман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2015222-bul-sumdyq-etnograf-zuktilikti-anyqtaityn-testti-ata-enesine-korsetetin-kelinderdi-synga-aldy/

pixel