jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

ҰҚК: Серік Күдебаев ресми жұмыс істеп тұрған Қазақстан шекарасынан кесіп өтпеген

Серік Күдебаев
Серік Күдебаев. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

ҰҚК Шекара қызметі ресми сайтында халықаралық іздеу жарияланған Серік Күдебаевтың ресми жұмыс істеп тұрған Қазақстан шекарасынан кесіп өтпегенін мәлімдеді.

"ҰҚК Шекара қызметі азамат Серік Мырзақұлұлы Күдебаевтың (01.01.1965ж.т.) ресми жұмыс істеп тұрған өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтпегенін хабарлайды.

Бүгінгі күні шектес мемлекеттердің шекара өкілдері аппаратымен өзара іс-қимылда тексеру тағайындалды", - делінген хабарламада.

Тексеру нәтижесі қосымша хабарланатын болады.

Еске сала кетсек, Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікке ілінген. Қаңтар айының басында оған қатысты сот отырысы басталды.

Сот отырысында ол өзінің кінәсіз екенін айтып, өзіне қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатуды сұрады. Генерал-майорға Қылмыстық кодекстің 362-бабы ("Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану") және 146-бабы ("Азаптау") бойынша айып тағылған.

Серік Күдебаев 2020 жылғы қаңтардан 2022 жылғы қаңтарға дейін Алматы облысы полиция департаментінің бастығы қызметін атқарды.

Бүгін, 3 сәуірде Серік Күдебаевқа қатысты кезекті сот отырысы белгіленген еді, бірақ ол сотқа тағы да келмей қалды.

Сот барысында судья 23 наурызда Күдебаев Қырғыз Республикасының мемлекеттік шекарасынан өтіп, сол күні "Манас" әуежайынан Түркияның Стамбұл қаласына ұшып кеткенін мәлімдеген болатын.

ҰҚК: Серік Күдебаев ресми жұмыс істеп тұрған Қазақстан шекарасынан кесіп өтпеген

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.