Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шатырларды ұшырып әкеткен": Қызылордада 3 күн қатарынан қатты жел соғып, үйлер бүлінді

Опубликовано:

Қираған шатырлар
Қызыордада қатты желден қираған шатырлар. Фото: astanatv.kz

Қызылордада үш күн тоқтамастан жел соғып, ғимараттардың шатырын ұшырып әкеткен. Электр сымдары үзіліп, 3 сәуірде мектеп оқушылары онлайн режимде оқыды, деп хабарлайды "Астана" телеарансы.

Телеарнаның ақпаратынша, 3 күннен бері тоқтамай соққан желдің екпіні бүгін ғана басылған. Желдің екпініне шыдамай, шатыры жарамсыз болып қалған үйлер бар. Титовтағы көпқабатты үйдің тұрғындары қайта жаңғырту жұмыстарына 5 жылдан бері ақша төлеп келген, алайда табиғаттың тосын мінезіне шыдас бермеген төбе жабындысын жел ұшырып әкеткен. Сондықтан тұрғындар жергілікті биліктен оны қайта қалпына келтіріп беруін талап етуде.

"Мынау шатыр ма, қаңылтыр ғой әшейін. Көзбояушылықпен істеп кеткен бізді үндемесін деп. Тағы 7 жылға модернизацияға кіргізіп кеткен бізді. Салып берсін шатырымызды. Мынандай қымбатшылықта модернизацияға төлеп, ешкім шатырын істете алмайды. Біздің үйдің тең жартысы, 50 пайызы зейнеткерлер мен мүгедектер", - дейді қала тұрғыны Алма Есекешева.

Мамандардың айтуынша желдің жылдамдығы 24-28 метр секундты құрады. Әсерінен, бір сәтте көшелердің шаңын аспанға көтеріп, облыс бойынша 24 нысанға залал келіп, бірнеше ғимарат шатырсыз қалған.

"7 білім беру нысаны, 9 әкімшілік ғимараты, әкімшілік мекемелер ғимараттары, 3 мәдениет нысаны және 2 көпбатты тұрғын үйге, 3 жеке тұрғын үйге залал келтірді. Бүгінгі таңда осы келтірілген залалдардың шығындары есептелу мәселесі бойынша комиссиялар құрылып, аудан, қала көлемінде жұмыстар жүргізілуде", - дейді Қызылорда облысы әкімі аппаратының бөлім басшысы Ақайша Сматова.

Бұдан бөлек, табиғи құбылыс аймақтың электр жүйесінің де тозы жеткендігін аңғартты. Аудандарды былай қойғанда қала іргесіндегі бірнеше мөлтек ауданда сағаттап жарық болмады. Телеарна дерегінше, облыс бойынша 40-тан аса бағана құлап, Қармақшы ауданында бір электр торабы істен шықты. Ал Шиелі ауданында әлі де жарықсыз отырған ауыл бар.

"Тоғайда өрт болған. Сол өрттің әсерінен, біздің сол жердегі 10 квт электр желісінде ағаш бағана, 12 ағаш бағана өртеніп кеткен. Өзіміз темір бетон бағана қоямыз ол жерге. Азанда бригадамыз шықты. Құдай қаласа, кешке дейін қосып береміз деп жатырмыз", - дейді "Қызылорда электр тарату тораптары" АҚ барқарма төрағасының орынбасары Нұрбай Ізтілеуов.

Мамандардың болжамы бойынша аймақта әлі де 2 күн жел тұрады. Ал апта соңында нөсер жауын күтілуде. Төбе жабындылары ұшып кеткен тұрғын үй иелерінің мәселелері арнайы құрылған комиссия қорытындысынан кейін белгілі болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2015277-satyrlardy-usyryp-aketken-qyzylordada-3-kun-qatarynan-qatty-zel-sogyp-24-nysan-bulindi/

pixel