jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

Сәресіне ұйықтап қалса не істеу керек: Нұрлан имам жауап берді

Нұрлан имам
Нұрлан имам. Скриншот: "Қызық премия" бағдарламасы

Танымал имам, дін­тану­шы, теолог, психолог Нұрлан Байжі­гіт­ұлы қасиетті Рамазан айында сәресіне ұйықтап қалған жағдайда не істеу керектігін айтты. Бұл туралы Нұрлан имам Instagram парақшасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Біз кешке ауыз ашып, ауызашар дұға оқыған кезде бүгінгі күннің ауыз ашуына шүкір айтамыз және кешке ауызашарда "ертеңгі күнге ниет еттім" дегенді қосамыз. Сондықтан, кімде-кім сәресіне тұрмай қалса, онда адам ертеңіне ораза болып кете береді. Оған қоса түске дейін ниетін жаңалап алса, жақсы болады. Бірақ сәресін ішпейді ол күні.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сәресін ішуге шақырған. Сәресінің өзі ниет болып есептеледі. Мен оянып, сәресін ішем дегенімнің өзі ниет болады. Демек, бұдан шыққан сөз: сәресін іше алмай қалса, оразасы жалғаса береді", - дейді Нұрлан имам.

Айта кетейік, бұған дейін Оразада сәресіге тұрып, ауыз бекітудің пайдасы туралы жазған едік.

Свежая публикация по теме:
Рамазан айында қандай дұғалар оқу керек
Сәресіне ұйықтап қалса не істеу керек: Нұрлан имам жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.