Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразды жылумен қамтамасыз етіп отырған орталықтың экс-директорына іздеу жарияланды

Опубликовано:

Бақберген Мәуленов
Бақберген Мәуленов. Фото: Facebook.com/Бакберген Мауленов

"Таразэнергоорталығы" АҚ-ның бұрынғы директорына іздеу жарияланды. Ол соңғы сот отырыстарына келмеген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК телеарнасының сайтына сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, Бақберген Мәуленов, оның ұлы және тағы жеті адам 4 миллиард теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.

Ресми нұсқа бойынша бүкіл Таразды ыстық су және жылумен қамтамасыз етіп отырған нысанды жеке меншігіне алған әке мен бала мемлекет қаржысын өз қажеттіліктеріне жұмсады, ал кәсіпорын жұмысшылары оларға көмек көрсетті деп айыпталуда.

Бұрынғы директор бір жылдан астам тергеу изоляторында болған, бірақ былтыр желтоқсан айында денсаулығына байланысты үйқамаққа ауыстырылған.

Тілшілердің ақпаратынша, алайда Бақберген Мәуленов бірнеше рет сот отырысына келмеген, содан кейін оған іздеу жариялаған.

Кәсіпкердің қайда кеткенін құқық қорғау органдары білмейді.

Телеарнаның хабарлауынша, бұл іске қатысты басқа фигуранттар оның ішінде экс-директордың ұлы әлі де қамауда отыр және үкім шығарылуын күтуде.

"Соттың 2023 жылғы 28 наурыздағы қаулысына сәйкес Б. Мәуленовке іздеу жарияланды. Сотталушыны ұстау кезінде бұлтартпау шарасын қамауға алу шарасына өзгерту туралы шешім қабылданды. Басқа сегіз тұлғаға қатысты сот талқылауы жалғасуда", – деп хабарлаған тілшілерге Жамбыл облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотынан.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2015488-tarazenergoortalygy-aq-nyn-buryngy-direktoryna-izdeu-zariyalandy/

pixel