Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"27 наурызда білдік": ҰҚК өкілі Серік Күдебаевтың елден қалай қашып кеткені туралы сауалға жауап берді

Опубликовано:

Серік Күдебаев
Серік Күдебаев. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Еліміздің Шекара қызметінің директоры, ҰҚК басшысының орынбасары Ерлан Алдажұманов мәжіліс кулуарында Серік Күдебаевтың елден қалай шығып кеткеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Журналистер Ерлан Алдажұмановтан егер Серік Күдебаев мемлекеттік шекарадан ресми өткізу пункттері арқылы өтпесе, онда шекарадан қалай өткенін сұрады.

"Иә, шынында да, Күдебаев мырза мемлекеттік шекараны ресми өткізу пункттері арқылы кесіп өтпеді. Оның Қырғызстанға, сол жерден үшінші елдерге кетуі мүмкін деген ақпараттың келіп түсуіне байланысты Шекара қызметі мемлекеттік шекараны заңсыз кесуі мүмкін жерді анықтау үшін қызметтік тексерісті бастады. Бұл жұмысқа көрші елдерде де қосылды: ресми сұрау салынды", – дейді Еран Алдажұманов.

Ол БАҚ өкілдерінен осы тексерістің аяқталуын күтуін сұрады.

"Менің ойымша, қазір бірдеңе деп айтуға әлі ерте. Біз қазір жүргізіліп жатқан тексерістің аяқталуын күтуіміз керек, сол кезде жағдай азды-көпті айқын болады. Бас прокуратура осы факті бойынша қылмыстық іс қозғағанын айта кеткім келеді", – дейді Шекара қызметінің директоры.

Сондай-ақ Алдажұманов қандай да бір ақпарат шықса билік Өзбекстанға, Ресейге және басқа да мемлекеттерге жүгінуге дайын екенін атап өтті.

Ал журналистердің Шекара қызметі Күдебаевтың елден қашып кеткенін қашан білгені туралы сұрағына Ерлан Алдажұманов "27 наурызда" деп қысқа жауап қайырды.

Еске салсақ, дүйсенбі, 3 сәуір күні Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа қатысты кезекті сот отырысы белгіленген болатын, бірақ ол сотқа тағы келмей қалды.

Сот барысында судья қолда бар ақпаратқа сүйеніп, 23 наурызда Күдебаев Қырғыз Республикасының мемлекеттік шекарасынан өтіп, сол күні "Манас" әуежайынан Түркияның Стамбұл қаласына ұшып кеткенін мәлімдеді.

Сондай-ақ сотта прокурордың өтініші бойынша Күдебаевқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылып, оған халықаралық іздеу жарияланғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2015536-zurnalister-uqk-bassysynyn-orynbasarynan-kudebaevtyn-qazaqstannan-qalai-qasyp-ketkenin-surady/