Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрынғы сенат депутаты Дана Нұржігіт телеарнаға қайта оралды

Жарияланған күні:

Дана Нұржігіт пен Берік Уәли
Дана Нұржігіт пен Берік Уәли. Фото: facebook.com.Берік Уәли

Танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт мемлекеттің телеарналардың бірінде тікелей эфирде саяси ток-шоу жүргізеді. Бұл туралы "Хабар агенттігі" АҚ директоры Берік Уәли Facebook-тегі өз парақшасында хабарлады.

"Хабар" агенттігінің басшысы Берік Уәли дарынды журналист, танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт "Хабар" телеарнасына қайта оралғанын айтты.

"Дана Өмірбайқызының журналистика саласындағы өмірі "Хабар" арнасымен тікелей байланысты. Талай жыл редактор, продюсер болды. Жаңалықтарды және өзге де өзекті бағдарламаларды жүргізді", - деп жазды Берік Уәли.

Берік Уәлидің сөзінше, Дана Нұржігіт соңғы жылдары саяси мемлекеттік қызметте болып, сенат депутаты ретінде елдік деңгейдегі түйінді мәселелерді көтеріп, олардың оңтайлы шешімін табуына қызу атсалысты. Сонымен қатар аса маңызды заңдардың қабылдануына тікелей қатысқанын да атап өтті.

"Тәжірибесі мол, білімі терең, білігі жоғары әріптесіміз келесі аптадан бастап Мақсат Толықбаймен кезектесіп "Хабар" арнасының басты саяси-қоғамдық ток-шоуын жүргізеді", - деді агенттік басшысы.

Жайна Сламбек, Берік Уәли, Дана Нұржігіт
Тележурналистер Жайна Сламбек, Берік Уәли, Дана Нұржігіт. Фото: facebook.com.Берік Уәли

Бұл хабарды тележурналист Дана Нұржігіт те өз Instagram парақшасында оқырмандарына жеткізді.

"Телевизия әлеміндегі мен үшін Alma mater болған "Хабар" арнасына келіп жатырмын, ағайын! Берік Уәли мырзаның ұсынысын қабыл алдым. Тікелей эфирде апта сайын жүздесетін боламыз" - деді Дана Нұржігіт өз парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2015548-senator-dana-nurzigit-telearnaga-qaita-oraldy/