Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Неліктен "Қазавиақұтқару" ұшқыштары жұмыстан кетуге жаппай өтініш беруде: ТЖМ жауап берді

Опубликовано:

"Қазавиақұтқару" тікұшағы
"Қазавиақұтқару" тікұшағы. Фото: kazaviaspas.kz

Мәжіліс кулуарында төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин "Қазавиақұтқару" тікұшақ ұшқыштары неге жұмыстан кету туралы жаппай өтініш жазды деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Журналистер министрден "Қазавиақұтқару" ұшқыштарының жұмыстан кету туралы жаппай арыз жазуына не себеп болуы мүмкін екенін сұрады.

"Қазір барлық түскен өтініш бойынша қызметтік тексеріс жүргізілуде. Тексеріс нәтижесі көп күттірмейді. Талаптар мен наразылықтар жалақыға да байланысты түсті", - деді Юрий Ильин.

Сондай-ақ ол өзгелермен бірге жұмыстан кету туралы арыз жазған ұшу экипажының жақсы жалақы алып келгенін атап өтті.

"Ұшқыштарға ұшу кезінде де жақсы ақша төленеді: жасыратыны жоқ, ұшқыштардың табысы бір жыл ішінде жеткілікті, ол 20 миллион теңгеден асады. Бұлардың қатарында өтініш жазған ұшқыштар да бар. ТЖМ құрылымының жұмысы туралы айтар болсақ, үнемі керемет жағдай, үнемі бес жұлдызды қонақүй бола бермейді. Біз әрбір жағдайды жеке тексереміз", - деді ведомство басшысы.

Кейін министр бүгінге дейін 23 қызметкердің жұмыстан кетуге өтініш бергенін айтты.

"Әзірге біз ешкімді жұмыстан шығарған жоқпыз. Алдағы уақытта тексеру қорытындысы бойынша шешім қабылданады. Жұмыстан кетуді қалайтындар жұмыстан босатылады. Мынаны ескерткім келеді: персонал мен кәсіпорын әкімшілігі арасындағы келісім бойынша қызметкердің оқуына жұмсалған қаражат үшін өтемақы төлеуі керек", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2015556-nelikten-qazaviaqutqaru-usqystary-zumystan-ketuge-zappai-otinis-berude-tzm-zauap-berdi/

pixel