Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Forbes нұсқасы бойынша алты қазақстандық әлемдегі ең бай адамдардың тізіміне енді

Опубликовано:

"Forbes" журналы
"Forbes" журналы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Forbes журналы әлемдегі ең бай адамдардың рейтингін жариялады. Бұл тізімде қазақстандық алты кәсіпкер бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Forbes тізімі бойынша ең бай қазақстандық - Владимир Ким. Ол аталған рейтингте 591-ші орында. Басылымның мәліметінше, Ким 2013 жылы KAZ Minerals төрағасы қызметінен кеткенімен, директорлар кеңесінің қатарында екен. Сондай-ақ Ким "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС акцияларының бақылау пакетіне ие. Оның байлығы 4,6 миллиард долларға бағаланған.

Тимур мен Динара Құлыбаевтар Forbes рейтингінде 636-орынға жайғасқан. Журналдың мәліметінше, Құлыбаевтардың активтері 4,3 миллиард долларды құрайды. Сонымен қатар Құлыбаев пен оның әйелі Динараның Қазақстан Халық банкінің бақылау пакетіне иелік ететіні жазылған.

Рейтингтің 787-ші орыны Вячеслав Кимге тиесілі. Ол Kaspi.kz директорлар кеңесінің төрағасы. Оның байлығы 3,5 миллиард долларға бағаланып отыр.

Freedom Holding компаниясының негізін қалаушы және бас директоры Тимур Турлов есімін де әлемдегі ең бай адамдар тізімінен көруге болады. Ол 3,1 миллиард долларға бағаланған байлығымен танымал рейтингтің 949-шы орнында.

Ал бұл тізімнің соңғы жағында, яғни рейтингтің 1104-ші қатарында Болат Өтемұратов тұр. Forbes оның байлығын 2,7 миллиард долларға бағалаған. Журналдың мәліметінше, Өтемұратов - Sky Mobile (Қазақстан мен Қырғызстандағы Beeline байланыс операторлары), Қазақстандағы Burger King фастфуд франшизасының иесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2015566-forbes-nusqasy-boiynsa-alty-qazaqstandyq-alemdegi-en-bai-adamdardyn-tizimine-endi/

pixel