Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда мамандандырылған ХҚКО жүйесінде ақау шықты

Опубликовано:

Халыққа қызмет көрсету орталығы
Халыққа қызмет көрсету орталығы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жүйесінде ақау шықты. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік мекемесінің Алматыдағы филиалынан NUR.KZ тілшісіне хабарлады.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік мекемесі Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ішкі істер министрлігі Қазақстан бойынша көлік құралдарын тіркеу ақпараттық жүйесінің дұрыс жұмыс істемей қалған.

Сондықтан арнайы ХҚКО-да шетелдік автокөліктерді заңдастыруға құжаттарды қабылдау тоқтатылды.

"Жүйені реттеу үшін жауапты қызмет бөлімі жұмыс істеп жатыр. Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында қабылдауды қалпына келтіру туралы кейінірек хабарланады", - деді баспасөз қызметі. Сондай-ақ олар келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2015601-qazaqstanda-mamandandyrylgan-xalyqqa-qyzmet-korsetu-ortalyqtary-zumysynda-olqylyq-oryn-aldy/

pixel