Алматыда қуаты 2 балдық жер сілкінісі сезілді
Жарияланған күні:
Бүгін, 5 сәуірде еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық станциялар желісі Алматыдан 74 км жерде болған жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық ТЖД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, жерасты дүмпуі Астана уақытымен 21:14-те тіркелген.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 74 км қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасқан.
- Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.2.
- MPV магнитудасы – 4.5.
- Тереңдігі – 5 шақырым.
ТЖД өкілдерінің айтуынша, жер сілкінісі Алматы қаласының Алма-Арасан шатқалында 2 балл деңгейінде сезілген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2015633-almatyda-quaty-2-baldyq-zer-silkinisi-sezildi/