Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балаларға тиіскен: Қарағандыда педофил деген күдікпен ер адам ұсталды

Опубликовано:

Полицей күдіктіге кісен салып жатыр
Полицей күдіктіге кісен салып жатыр. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қарағандыда күдікті ер адам көпқабатты үйдің ауласында жүрген кішкентай балаларға тиіскен. Бұл туралы Қарағанды ​​облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне хабарлады.

Көпқабатты үйдің тұрғындары ауладағы балаларға тиісіп, қызығып қарап жүрген күдікті ер адамды байқап қалған. Кейін тұрғындар полиция жасағын шақырған.

"Қарағанды ​​ПБ-ның Октябрь полиция бөліміне белгісіз біреудің көпқабатты үйдің ауласында балаларға тиіскені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына барған жедел тергеу тобы кәмелетке толмағандармен жыныстық қатынасқа түспек болған ер адам анықтады. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында 34 жастағы күдікті ұсталды", - деп хабарлады Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі және 121-бабының 4-бөлігі "Кәмелетке толмаған адамға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасауға оқталу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқаны атап өтілді.

Дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Сондай-ақ ведомство күдіктінің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2015646-balalarga-zabysqan-qaragandyda-pedofil-degen-kudikpen-er-adam-ustaldy/

pixel