Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шелек ауруханасына түскен жаралы науқастың артынан бірнеше ер адам мекемеге баса-көктеп кірген (видео)

Опубликовано:

Ауруханаға басып кірген ер адамдар
Шелек ауруханасы. Видеодан кадр: @egovpress

Telegram мессенджерінде бірнеше ер адамның Алматы облысындағы Шелек ауылында орналасқан ауруханаға басып кіргені түсірілген видео тарады. Полицейлер оқиғаның анық-қанығын айтып берді.

EGOV.PRESS Telegram арнасы ауруханадағы бақылау камерасынан түсірілген кадрларды жариялады. Видеода бірнеше ер адамның аурухана ғимаратына қалай жүгіріп кіргені, олардың бірін медициналық мекеме қызметкерін тоқтатпақшы болғаны анық көрінеді.

Видеоның сипаттамасында оқиға Алматы облысы Шелек ауылындағы ауруханада болғаны жазылған. Видео авторлары медициналық мекемеге пышақ жарақатын алған ер адам түскен соң қарулы шабуыл жасалған дейді.

Болған оқиғаға қатысты тәртіп сақшылары пікір білдірді, деп жазады Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

"21 наурыз күні сағат 16:00-де Еңбекшіқазақ ауданының ПБ Шелек ауылының ауруханасына 1986 жылғы А. есімді азаматтың дене жарақаттарымен хирургиялық бөлімге жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті", - делінген ведомство хабарламасында.

Соынмен қатар сол күні Шелек ауылы ПБ Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс тіркелгені айтылды.

"Тергеу барысында зардап шеккен адам мен 1988 жылғы И. есімді азамат арасында Наурыз мерекесі өткен ауылдың шетінде ауызша жанжал туындап, арты төбелеске ұласқан. Нәтижесінде соңғысы денсаулыққа зиян келтіру үшін арнайы бейімделген затты пайдаланып, А. есімді азаматқа дене жарақатын салған", - дейді полиция өкілдері.

21 наурыз күні А. есімді азамат емделіп жатқан медициналық мекемеде 1990, 1994, 1996 және 1997 жылғы төрт адамның заңсыз әрекеттері видеоға түсірілген.

"Жоғарыда аталған адамдар мен қылмыстың негізгі фигуранты ұсталып, қамауға алынды", - деп жазады медиа-портал.

ІІМ қазір жәбірленушіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу органы істің барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатқанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2015687-selek-auruxanasyna-tusken-zaraly-nauqastyn-artynan-birnese-er-adam-mekemege-basa-koktep-kirgen-video/

pixel