jitsu gif
Оқыс оқиға

    Алматыда 10 000 теңгелік жалған банкноттарды сатумен айналысқан адамдар ұсталды (видео)

    Жалған банкноттар
    Жалған 10 мың теңгелік банкноттар. Видеодан кадр: @afm_rk

    Алматыда 10 000 теңгелік жалған банкноттарды сатумен айналысқан топтың қылмыстық әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қаржылық мониторинг агентігінің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.

    Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Алматы қаласы бойынша департаменті жүргізген тінту барысында қылмыстық әрекеттің заттай айғағы: жалған банкноттар, ұялы телефондар және басқа да заттар табылып, тәркіленді.

    Сонымен қатар аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

    "Бір күдіктіге қатысты "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қазіргі уақытта екінші күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Сондай-ақ, басқа тұлғалардың заңсыз әрекеттерге қатысы анықталуда", - дейді агенттік өкілдері.

    Аталған дерек бойынша тергеу жалғасып жатыр және қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.