Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мысық өлтіргені үшін сот алдына келген семейлік жігіт көше тазалайтын болды

Опубликовано:

сот залы
Сот залы. Көрнекі фото: pixabay.com

Абай облысында мысық өлтірген 26 жастағы жігітке сот үкімі шықты. Сот отырысында кінәсін мойындаған тұрғынға 90 сағаттық қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жаза кесілген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 26 жастағы ер адам түн ортасында пәтерден подъездің кіреберіс алаңына шыққан. Шылым шегіп тұрып ол баспалдақтан дәретке отырып қойған мысықты көрген.

"Ашуланған ер адам оны жазаламақ болған. Алайда мысық қашып кеткен. Артынан қуып ұстап алып оны тепкілеп, өлтірген. Оқиға подъездегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Сот отырысында ер адам өзінің кінәсін мойындап, мысықтың иесінен, яғни жәбірленушіден кешірім сұрады", - делінген хабарламада.

Сот үкімі бойынша 26 жастағы жігітті 90 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылып, пробация есебіне қойылған. Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің хабарлауынша, бүгінгі таңда ол Семей көшелерін тазалау жұмысына кіріскен.

"Ер адам Абай облысы бойынша Семей қаласының ҚАЖД Орталық ауданының пробация қызметіне есепке қойылды. Қоғамдық жұмыстарды орындау үшін жергілікті атқарушы органға жіберілді. Оған жазаны өтеудің шарттары мен тәртібін түсіндірді", - дейді Орталық аудандық пробация қызметінің бастығы, әділет майоры Асанәлі Диханов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2015752-mysyq-oltirgeni-usin-sot-aldyna-kelgen-semeilik-zigit-kose-tazalaityn-boldy/

pixel