Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ТЖД алматылықтарға қатты жел тұратынын ескертті

Опубликовано:

жел
Жел. Көрнекі фото: Рexels.com

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарына жұма, 7 сәуір күні қатты жел болатынын ескертті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қалалық ТЖД бұл ескертуді Қазгидрометтің болжамына сүйеніп жасаған.

"Қазгидрометтің 6 сәуірдегі №03 дауылдық ескертуіне сәйкес 7 сәуірде Алматы қаласында оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді деп күтілуде", – делінген ТЖД хабарламасында.

Осы орайда Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды көшеде сақ болуға шақырып отыр.

"Жел соққан кезде көпірлерден, қоймалардан және ағаштардан алшақ болу керек. Себебі, бұтақ, шифер бөліктері, жол белгісі құлап түсуі мүмкін. Сондай-ақ қирап қалуы мүмкін ғимараттардан, қалқандардан, павильондардан, шамдардан алыстау тұрған жөн. Мүмкіндік болса уақытша жерасты өткелдерінде, метро станцияларында немесе берік ғимараттарда жасырынуға болады", – дейді ТЖД мамандары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2015756-tzd-almatylyqtarga-qatty-zel-turatynyn-eskertti/

pixel