Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Отыз жыл дегенде ажырастық": Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі тұңғыш рет марқұм күйеуі туралы сұхбат берді

Опубликовано:

Нұрбике Нұрқаділова сұхбат барысында
Нұрбике Нұрқаділова. Фото: "Уақыт көрсетеді" бағдарламасы

Саясаткер әрі қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі Нұрбике Нұрқаділова алғаш рет ел алдына шығып, марқұм күйеуі туралы сұхбат берді. Бұл туралы "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Біз үшінші курс оқып жүргенде үйлендік. Мен ЖенПИ-де физика-математика факультетінде оқыдым. Физика, математика деген жеңіл пән емес қой. Мүмкін, мінезім де ауыр болған шығар. 27 жыл бірге тұрдық. Қолымда енем болды. Екі бала өмірге келді. Қайратты төртінші курста өмірге әкелдім. Студенттердің баласы болды. Атын Қайрат деп қойған да жолдастарымыз. Сол кезде бәріміз "Қайраттың" ойынын көретін едік. Тимур Сегізбаев сияқты болсып деп қойды атын. Құралай келді өмірге. Балаларды жақсы тәрбиеледік.

27 жыл бірге тұрдық, сосын анау-мынау болып кетті өмірі Зәкеңнің. Үйден кетпекші болып, сол 30 жыл дегенде ажырастық. 1965 жылы үйленіп, 1995 жылы ажырастық. Тек жолы болсын. Бізден кетті, басқаға жетті. "Аман жүр, балалар үшін аман жүр", - дедім. Солай деп жібердім. Әкімдікке жетті. Бірден әкім болған жоқ. Құрылыста мастер болып бастады. Содан көтерілді. "Балалар ересек, араласып тұрарсың", - деп жіберген едік қой", - дейді Нұрбике Нұрқаділова.

Нұрбикенің айтуынша, олар үйленер тұста айтарлықтай жағдайлары болмаған.

"Бізде махаббат пен кедейлік болды. Екеуміз де студентпіз ғой. Қалыңмалға әкелетін ақшасы да болмаған. Ол кезде ақша қайдан болсын. "Қалыңмал бермесең, өзенге лақтырып жібереді", - деп қалжыңдасам: "Мен жүзуді де білмеймін ғой", - дейтін. Анасы мен әпкесі, нағашылары болды қасында. Кішкентай баламызбен жалдамалы пәтерде тұрдық. Қазіргі жастар есеппен үйленеді ғой. Ал бізде махаббат пен кедейлік болды", - дейді Нұрқаділовтің бірінші әйелі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2015803-otyz-zyl-degende-azyrastyq-zamanbek-nurqadilovtin-birinsi-aieli-tungys-ret-marqum-kuieui-turaly-suxbat-berdi/

pixel