Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауырып жатқан адамға дем салған дұрыс па: Нұрлан имам жауап берді (видео)

Опубликовано:

Нұрлан имам
Нұрлан имам. Фото: instagram.com/nurlanimam.kz

Ауырып жатқан адамға дұға оқып, дем салған дұрыс па? Бұл сауалға "Жібек жолы" телеарнасындағы "Ораза қабыл болсын" бағдарламасында Нұрлан Байжігітұлы жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ арнаның Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.

Тікелей эфирде өткен "Ораза қабыл болсын" бағдарламасында Нұрлан имам көрермендердің сауалына жауап берген. Кезекті сұрақтың бірі дем салуға байланысты қойылған.

"Дем салу жақсы нәрсе. Бірақ бір нәрсені түсіну керек. Біз XXI ғасырда өмір сүріп жатырмыз, ауырып жатқан адамды ең алдымен дәрігерге көрсетіңіздер деп кеңес беремін. Дәрігер – ол соның маманы.

Кейде жасыратыны жоқ кішкентай балаларды әкеліп, дем салып беріңізші деп жатады. Сол кезде баланың қай жері ауырып жатыр деп сұрасам, іші өтіп жатқанын айтады", - дейді Нұрлан имам.

Имаманың сөзінше, іші өткен баланы дем салу арқылы емес, іш ауруын тоқтатын дәрі беріп емдеген дұрыс. Сол сияқты қолға сүйел, көзге теріскен шықса, дем салдырмай, соған дәрі жазып беретін, арнайы медицина маманына жүгінген жөн.

Дін маманының айтуынша, дем салудың өз реті бар.

"Әрбір нәрсені демге байлай берген сәл дұрыс емес шығар. Десе де, әрбір адам жатар кезде пайғамбарымыз (с.а.с) бұйырған "Нас", "Фәлақ", "Ықылас" яки басқа білетін сүрелерді оқып, қолына үрлеп, денесін сәл көкірек тұсына дейін сылап-сипап қойса, жеткілікті. Осы дем болып табылады", – дейді Нұрлан Байжігітұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2015813-auyryp-zatqan-adamga-dem-salgan-durys-pa-nurlan-imam-zauap-berdi-video/

pixel