Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда рульде жас балалары бар әйел видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Әйел жас балаларымен көлік айдап отыр
Әйел жас балаларымен көлік айдап отыр. Видеодан кадр: Т.me/kris_p_alm

Желіде қолданушыларды таң қалдырған видео пайда болды: кадрларға қарағанда, кішкентай бала көлік жүргізіп келе жатқан әйелдің тізесінде отырған. Алматы полициясы видеоға қатысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алматыда кішкентай баланы тізесіне отырғызып алып, көлік жүргізіп келе жатқан әйел видеоға түсіп қалды. Бейнежазбаға қарағанда, алдыңғы жолаушы орнында да кішкентай бала болған. Тиісті видео "КрисПи Алматы" Telegram-арнасында жарияланды.

Посттың астына "Екі баламен көлік жүргізіп келеді" деп жазылған.

Бұл кадрға оңтүстік астананың полиция департаменті түсініктеме берді.

"Қазір осы факті бойынша Алматы қалалық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі тексеру шараларын жүргізіп жатыр. Құқық бұзушы міндетті түрде анықталып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады", – деп хабарлады NUR.KZ тілшісіне қалалық ПД баспасөз қызметінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2015958-almatyda-rulde-zas-balalary-bar-aiel-videoga-tusip-qaldy/

pixel