Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Баланы талап тастаған: Жаңаөзенде қаңғыбас иттер адамдарға шабуыл жасады

Опубликовано:

Үріп тұрған ит
Ит. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жаңаөзен қаласының тұрғындары қала әкімдігіне жүгініп, қаңғыбас иттерге қатысты шара қолдануды өтінді. Иттерден төрт жастағы баладан бөлек тағы төрт адам зардап шеккен, деп хабарлайды КТК арнасы.

Жаңаөзенде төрт жастағы баланы көшенің иттері талап кеткен. Телеарнаның хабарлауынша, баланың бет-жүзі жарақаттанған. Енді ол облыстық ауруханада және кемінде бір апта амбулаторлық түрде ем алуы қажет.

"Баланың жағдайы жарақатына байланысты орташа ауыр. Оң жақ көз айналасында, оң жақ бет ауыз айналасында тігілген жаралары бар. Алғашқы көмек Жаңаөзен қаласында көрсетілген. Қазір балаға сметавакцина салынды. Сонымен қатар ит талағаннан кейін бет, қол буындары, аяқ саусақтары жарақатына қарсы міндетті түрде иммуноглобулин салынады", - дейді ортопед-травматолог Манасбай Иниятов.

Қаланың тағы бірнеше тұрғыны көше жануарларынан зардап шеккен. Жаңаөзендіктер үшін бұл жағдай таңсық емес. Көшедегі иттерден зардап шеккен адамдар күнара ауруханаға түседі. Өткен жылы ресми түрде 210 адамды ит талаған және зардап шеккен адамның үштен бір бөлігі бала. Ал 2023 жылдың басынан бері көшедегі иттерден 64 тұрғынға залалы тигені айтылды.

Телеарнаның хабарлауынша, тұрғындар биліктің әрекетсіздігіне наразы. Тұрғындар қаңғыбас иттерді атуға тыйым салынғаннан кейін қалада тұру қауіпті болып кетті дейді.

Бірақ әкімдік олардың заң аясында әрекет етіп жатқанын алға тартып отыр. Жануарларды ату адамгершілікке жатпайтын әрекет деп танылады. Шенеуніктер жануарларға арналған жаңа панажай құрылады деп сендіреді, бірақ құрылыс жұмыстары әлі басталған жоқ.

"2022 жылдың қортындысы бойынша 1115 ит ауланған болса, бүгінде 1181 ит ауладық. Шаралар жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңға сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Яғни адам өміріне қауіп төндірген жағдайда ғана тұрғындардың өтініші негізінде жүзеге асырылады. Панажай мәселесі бойынша 2022 жылы Жаңаөзен қаласының кәсіпкеріне бір гектар жер бөлдік", - дейді Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Расул Әбішаев.

Дерерккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2015990-balany-talap-tastagan-zanaozende-qangybas-itter-adamdarga-sabuyl-zasady-video/

pixel