Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оңтүстік Кореяда жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар депутаттарға өтініш айтты (видео)

Опубликовано:

Оңтүстік Кореяда жұмыс істейтін қазақстандық әйелдің сұхбаты
Оңтүстік Корея туы. Фото: pixabay.com

Оңтүстік Кореяда еңбек етіп жүрген қазақстандықтар мәжіліс депутаттарынан сол елде Қазақстан азаматтарының заңды түрде еңбек ету мәселесін шешіп беруді сұрап, желі арқылы бейнеүндеу жолдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Нақтырақ айтқанда, аталған бейнеүндеу мәжіліс депутаттары Даулет Мұқаев, Мақсат Толықбай, Ринат Заитовқа жолданған.

Шетелде заңсыз жұмыс істеуге мәжбүр қазақстандықтар атынан сөйлеген қауымдастық белсендісі депутаттардан Оңтүстік Корея мен Қазақстан арасындағы халықаралық жұмыс келісімшарты жайлы мәселені парламенттік деңгейде көтеруді сұрайды.

"Кореяда жүрген азаматтарымыздың онда өмір сүру барысында құқықтарының толық қорғалмауын, ауырып қалған жағдайда медициналық сақтандырудың жоқтығынан аурухана шығынының көптігін, сонымен қатар Қазақстан азаматтары Кореяның көші-қон полициясынан тығылмай, емін-еркін өмір сүрсе екен деген мақсатты негізге ала отырып, сіздерге өтініш жолдаймыз. Корея мен Қазақстан арасындағы екі ел аралық жұмыс келісімшарты жайлы мәселені парламенттік деңгейде көтеріп, Корея елінде Қазақстан азаматтарының заңды түрде еңбек ете алу мәселесін шешіп беруді сұраймыз.

Қазақта "ауруын жасырған өледі" деген сөз бар. Өзге елдің алдында аборойымыз түссе де, Кореяға келіп, жұмыс жасайтын әрбір қазақстандық өзінің тұрмысын жақсартып алмақ. Әлемдік аренадағы абыройымызды емес, азаматтарымыздың әл-ауқатына басымдық жасасаңыздар екен", - дейді қауымдастық мүшесі.

Сөз соңында бейнеүндеу авторлары депутаттардан жария түрде жауап қайтаруды өтінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2016002-ontustik-koreyada-zumys-istep-zurgen-qazaqstandyqtar-deputattarga-otinis-aitty-video/

pixel