Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада адам өміріне араша түсіп, ерлік танытқан 11 бала марапатталды (видео)

Опубликовано:

Ерлік жасағаны үшін марапатталған оқушылар
Ерлік жасағаны үшін марапатталған оқушылар. Кадр: 24.kz

Елдің әр өңірінен 11 оқушы Астана қаласының атынан марапат алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар24 арнасына сілтеме жасап.

11 оқушыны жетеуі суға батып бара жатқан қатарластарын құтқарған, ал екі оқушы өрттен бауырларын аман алып шыққан. Тағы екі бала мектепте қауіп төндірген оқушыларға тосқауыл болған. Сонымен қатар оқушылардың ғана емес, ата-аналардың да еңбегі ескеріліп, марапатталды.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қайсар балаларға алғысын білдіріп, олар өзге оқушыларға үлгі-өнеге екенін айтты. Ол министрлікке балалардың дамуын бақылауға алуды тапсырды.

"Бұл балаларды біржола құттықтап қана қоймай арнайы есепке алып, болашақта мықты азамат болып қалыптасуына көмектесу үшін оқу-ағарту министрлігіне бақылау жүргізе отырып, қолдау көрсетуді тапсырдым", - деп түйіндеді сөзін министр.

Кездесу барысында марапатталған оқушылардың бірі басынан өткен жағдайды көпшілікке айтып берді.

"Секірген кезде ешқандай қорқыныш болған жоқ. Бірақ суда болғанда оны артқа қарай тартып бара жатқан кезде сәл қорқыныш болды. Мұзға қарай жеткізе аламын ба, жеткізе алмаймын ба деген қорқыныш болды", - деді марапатқа ие болған оқушы Абай Әмірхан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2016003-astanada-adam-omirine-arasa-tusip-erlik-tanytqan-11-bala-marapattaldy-video/