Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада өмірге келген америкалық қыз Қазақстандағы туған ата-анасына іздеу салды

Опубликовано:

Сабина Джентри
Сабина Джентри. Фото: Facebook желісіндегі жеке парақшасы

Астанада өмірге келген АҚШ азаматы Сабина Джентри өзінің биологиялық ата-анасына іздеу салды. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі Kazakh American Association тобында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

23 жастағы америкалықтың сөзінше, ол 2000 жылы Астанада туған. Сегіз айдан кейін оны асырап алғандар АҚШ-қа алып кеткен. Сабина Джентри биологиялық ата-анасын бірнеше жылдан бері іздеп келеді, алайда әзірге нәтиже жоқ.

"Мен 2000 жылы 27 ақпанда Астанадағы №1 көпсалалы қалалық ауруханада дүниеге келдім. Менің туған анамның аты - Гүлнар Мұхидинқызы Ыдырысова, ал биологиялық әкемнің аты - Асқар Ыдырысов. Менің биологиялық толық атым Сабина Асқарқызы Ыдырысова. Мен дүниеге келгенде анам 29 жаста болды және бұл оның екінші жүктілігі екені көрсетілген. Сондықтан менің ағам немесе әпкем бар деп ойлаймын.

Туған анам жалған мекенжай берген. Мені заңды түрде асырап алуға бермес бұрын оны таба алмаған. Менің бар білетінім осы", - делінген хабарламда.

Сабина Джентри Вирджинияда өскен. Ол бүгінде колледж бітіріп, Джорджия штаты Антланта қаласында тұрады.

Оның сөзінше, басқа адамдар биологиялық ата-анасын тауып жатқандықтан, ол да осы топқа жүгінуді жөн көрген екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2016040-astanada-omirge-kelgen-amerikalyq-qyz-qazaqstandagy-tugan-ata-anasyna-izdeu-saldy/

pixel