Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында итті сойып, етін жеді деген күдікпен екі адам ұсталды

Опубликовано:

ит
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақмола облысы Атбасар қаласында жергілікті тұрғындар итті сойып, жемек болды деген күдікке ілінді. Бұл туралы ІІМ POLISIA.KZ Telegram арнасында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 7 сәуірде Атбасар қаласында учаскелік полиция инспекторы жергілікті тұрғындардың итті сою фактісін анықтады.

"Түнде екі адам көшеде итті байқап, оны тамаққа пайдалану шешімін қабылдағаны алдын-ала анықталды. Қылмыстық ниетті жүзеге асыру үшін олар жануарды пышақпен өлтіріп, етін мүшелеп, үйге алып кеткен, ал қалған бөліктері оқиға орнында қалған", - делінген хабарламада.

Полицияның ақпаратынша, факт Қылмыстық кодекстің 316-бабы 3-бөлігі (жануарларға қатыгездік) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

"Одан әрі тергеу әрекеттері барысында иттің сүйектері табылып, тәркіленді, қала тұрғындары қылмыс жасағанын мойындады. Қазіргі уақытта оқиғаны тергеу жалғасуда, полицейлер оқиғаның басқа жағдайларын анықтауда", - деп хабарлады ведомстводан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2016047-aqmola-oblysynda-itti-soiyp-etin-zemek-boldy-degen-kudikpen-eki-adam-ustaldy/