Бүгін еліміздегі мегаполистерде найзағай ойнап, жел күшейеді деп күтілуде
Жарияланған күні:
Cиноптиктер 10 сәуірде Алматы мен Шымкентте найзағай ойнап, ал елордада ауа райы тұрақты болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Қазгидрометтің" мәліметінше, дүйсенбіде Алматыда найзағай ойнайды деп күтілуде. Ауа температурасы күндіз +17...+19 градусқа дейін көтерілсе, түнде +6...+8 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с болса, найзағай кезіндегі жел екпіні 13 м/с жетуі мүмкін.
Астанада бүгін күндіз +10...+12 градусқа дейін жылынса, түнде -1 ...+1 градусқа дейін төмендейді. Синоптиктер жауын-шашын күтілмейді деп болжады. Ал желдің жылдамдығы 5-10 м/с болады.
Метеорологтардың болжамынша, бүгін Шымкентте де найзағай ойнайды. Күндіз термометр +17...+19 градусты көрсетсе, түнде +8...+10 градусқа дейін төмендейді. Қалада күні бойы қатты жел болуы мүмкін. Жел жылдамдығы 8-13 м/с болса, ал екпіні кейде 15-20 м/с, тіпті 23 м/с жетуі ықтимал.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2016073-bugin-elimizdegi-megapolisterdin-birinde-naizagai-oinap-zel-kuseiedi-dep-kutilude/