jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Астанада электр энергиясы үшін артық төлем жасаған тұрғындарға ақшасы қайтарылып жатыр

Электр шамдары
Электр шамдары. Көрнекі сурет: pixabay.com

Прокурорлар Астананың кейбір тұрғындарынан тұтынылған электр энергиясының мөлшері дұрыс есептелмегенін анықтады. Қала тұрғындарына ақшаны қайтаруға уәде берілді, деп хабарлайды бас прокуратураның Telegram-дағы ресми арнасында.

Бас прокуратура әлеуметтік желілерде елорда тұрғындарынан электр энергиясы үшін артық төлемдерді алу туралы жарияланымдар жиілеп кеткенін атап өтті.

Бұл мәселе қала прокуратурасында уәкілетті органдардың, әкімдіктің және қызмет көрсетушілердің ("Астана-АЭК" АҚ және "Астанаэнергосбыт" ЖШС) қатысуымен талқыланған.

"Энергиямен жабдықтаушы ұйымнан деректерді қабылдап-жинақтаудың тиісінше ұйымдастырылмауына байланысты тұтынылған электр энергиясының мөлшері дұрыс есептелмегені анықталды. Көптеген астаналық тұрғынға орташа тәуліктік көлемді есептеген.

Осылайша есептеу құралдарының көрсеткіштеріне сәйкес абонент нақты қабылдаған энергия мөлшері үшін энергия төлемін жүргізу туралы Азаматтық кодекстің 488-бабының талаптары бұзылған", - делінген баспасөз хабарламасында.

Нәтижесінде қала тұрғындарына жоғары көрсеткіштері жазылған шоттар келген. Мән-жайды анықтау үшін азаматтар "Астана-АЭК" АҚ мен "Астанаэнергосбыт» ЖШС-нің "табалдырығын тоздыруға" мәжбүр болғаны да айтылған баспасөз хабарламасында.

"Адам құқығының бұзылуын ескере отырып, қала прокуратурасы Бас прокуратура арқылы Табиғи монополияларды реттеу комитетіне қадағалау актісін енгізді.

Уәкілетті орган электр энергиясы үшін негізсіз есептеуге жол берген субъектілерге тексеру жүргізу туралы мәселені қарауы қажет. Бұзушылықтар анықталған жағдайда Заңда көзделген ден қою шараларын қабылдайды", - деді құқық қорғау өкілдері.

Қазіргі уақытта "Астана-АЭК" АҚ он мыңдаған абонентке электр энергиясының көлемін қайта есептеді.

Бұдан бөлек, бас прокуратура есептеулерді түзету жұмыстары жалғасуда және ол прокуратураның бақылауында екенін жеткізді.

"Сондай-ақ электр энергиясы үшін артық төлемдер бөлігінде тұтынушылардың құқықтары бұзылған жағдайда азаматтар мен ұйымдар Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі қалалық департаментке өздігінен жүгіне алатынын хабарлаймыз", - деп мәлімдеді бас прокуратура.

Астанада электр энергиясы үшін артық төлем жасаған тұрғындарға ақшасы қайтарылып жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.