Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында итті көлігіне байлап, сүйреген адам анықталды

Жарияланған күні:

Көлікке байланған ит
Көлікке байланған ит. Видеодан кадр: instagram.com/_dzhanabekova/

Алматы облысында куәгерлер итті көлікке байлап сүйреген ер адамның әрекеті түсірілген видеосы желіде тарап кетті. Оқиға Алатау тасжолы бойындағы Тұздыбастау ауылында болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Куәгерлердің жазуынша, оқиға Алматы облысындағы Тұздыбастау ауылында сағат 21:10 шамасында болған. Видеодан ауыл көшелерімен кетіп бара жатқан қызыл түсті көлікке байланған итті көруге болады. Қиналып әрең жүріп бара жатқан иттің қасынан бей-жай өтпей, куәгерлер құтқарып қалған. Олар көлік иесінен қорықса да, оны тоқтатып, итті баудан босатып алғанын жеткізді.

"Итті шынжырға байлап, көлікті шамамен 60 км/сағ жылдамдықпен жүргізді. Біз үшеуміз едік, ал ер адамдардан тек 15 жастағы інім болды. Итті көлігімізге отырғызып, кетіп қалдық", - деп жазған жазба авторы.

Алматы облысы полиция департаменті бастығының тергеу бойынша орынбасары Рустам Абдрахманов желіде тараған жазбаға өз пікірін білдерген.

Оның сөзінше, Талғар аудандық полиция бөлімінде 316-бап "Жануарларға қатыгездік көрсету" бойынша қылмыстық іс тіркелген.

"Соталды тергеп-тексеру жоғарыда аталған бөлімнің қызметкерлеріне тапсырылды. Құқық бұзушы 1987 жылғы ер адам екені анықталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Абдрахманов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2016120-almaty-oblysynda-itti-koligine-bailap-suiregen-adam-anyqtaldy/