Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Ермек Имантаевты қамауға алу мерзімі ұзартылды

Опубликовано:

Ермек Иматаев
Ермек Иматаев: facebook.com/YermekImantaev

Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі және "Ақтөбе" СПК экс-төрағасы Ермек Имантаевты қамауға алу мерзімі ұзартылды. Бұл туралы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Мамандандырылған тергеу сотының шешімімен экс-шенеунік 2023 жылғы 10 ақпанда 2 ай мерзімге, 8 сәуірге дейін қамауға алынды. 7 сәуірде оның қамау мерзімі ұзартылды.

Антикордың хабарлауынша, Ермек Имантаев қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, үлестес тұлғаларға жер телімін заңсыз арзан бағамен сатып, мемлекетке 199,4 миллион теңге залал келтірген деген күдікке ілінген.

"Қылмыстық бапта мүлкін тәркілеу және белгілі бір лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу арқылы шектеу немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда", - деп хабарлады ведомство.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2016129-aqtobe-oblysynyn-buryngy-akimi-ermek-imantaevty-qamauga-alu-merzimi-uzartyldy/

pixel