Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жәбірленушімен келісімге келген": Гүлмира Сатыбалдының ісіне қатысты жаңа мәлімет шықты

Опубликовано:

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот отырысы басталды
Гүлмира Сатыбалды. Видеодан кадр: КТК арнасы

Гүлмира Сатыбалдының адвокаты айыпталушы Айгүл Мекешевамен медиациялық келісімге келгенін айтты. Айыптаушы тараптың мәліметінше, Гүлмира Сатыбалды бұған дейін дәл осы Мекешеваны ұрлауды ұйымдастырған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Астанада кәсіпкер Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдаға қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бүгінгі сот отырысында қорғаушы тарап бірнеше жәбірленушімен келісім жасалғанын хабарлады.

"Біз медиативтік келісім жасадық және оны іс материалдарына қосуды сұраймыз. Бес тарап қол қойған. Бұл Гүлмира Сатыбалды, Асқар Жүсіпов, Мәди Батыршаев, Рашид Өтебеков, Айгүл Мекешева және Бектібаев.

Біз Жүсіпов Galanz Bottlers акцияларының 46,75 пайыз үлесін береді деп келістік. Бұл акцияларды Айгүл Мекешева қабылдайды және талаптардан бас тартады.

Сондай-ақ Батыршаев келтірілген зиянды өтеу есебі ретінде Maxi Bottlers жарғылық капиталындағы 25 пайыз үлесті береді", – дейді Гүлмира Сатыбалдының адвокаты Әсемгүл Даниалова.

Іс бойынша тағы бір жәбірленуші кәсіпкер Тұрсын Алагөзов бұл медиативтік келісімге қарсы екенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, медиатор келісімге қол қою кезінде үшінші тұлғалардың талаптарын ескермеген – бұл Алагөзовтың өзі және кепіл ұстаушы Jusan Bank, өйткені акциялар банктің кепілінде.

Еске сала кетейік, 2022 жылғы наурызда Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдының ұсталғаны белгілі болған еді.

Биыл наурыз айында оған қатысты іс бойынша сот отырысы басталды.

Айыптаушы тарап Гүлмира Сатыбалдыға мынадай қылмыстар бойынша айып тағылғанын мәлімдеді:

  • Қылмыстық кодекстің 389-бабының ("Өзінше билік ету") 3-бөлігі – күш қолдана отырып немесе оны қолдану қатерін төндіру арқылы немесе адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру;
  • 28-баптың 3-бөлігі, 125-баптың 2-бөлігі 1, 8 тармағы бойынша – алдын ала келісім бойынша адамдар тобымен жасалған қылмыс, адам ұрлауды ұйымдастыру.

Алайда Гүлмира Сатыбалды өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2016177-zabirlenusimen-kelisimge-kelgen-gulmira-satybaldynyn-isine-qatysty-zana-malimet-syqty/

pixel