jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

"Шоқпардай ұл туып бергенің үшін": қос келініне алтын сақина таққан ене көпшілікті сүйсінтті (видео)

Енесі келініне алтын тақты
Енесі мен келіні. Скриншот: instagram.com/sulu_kelin_kz

Әлеуметтік желіде келіндеріне ұл немере сыйлағаны үшін алтын таққан ененің видеосы тарады. Әйелдің бұл ісі көпшілікті сүйсінткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видео sulu_kelin_kz Instagram парақшасында пайда болды.

Видеода дастархан басында отырған әйелдің келінін шақырып, қолына алтын сақина таққанын байқауға болады.

"Маған шоқпардай ұл туып бергенің үшін. Рахмет, жаным. Қолыңа тағайын. Мен саған үлкендеуін алдым. Құтты болсын", - дейді қос келініне сақина таққан ене.

Ал желі қолданушылары әйелдің бұл ісіне сүйсініп, жылы лебізін білдіруде.

"Бұйырса, болашақта мен де осындай ене боламын", "Қандай керемет", "Үш ұлды дүниеге әкелсем де, бір алтын таққан емес маған. Өзім ене болғанда, келіндеріме алтын тағамын", "Алтын деген арман ғой", "Келіннің қадірін білген адамды айтсайшы", "Енемнен сыйлық алып көрмеппін", "Қандай бақытты", "Немерелерінің қызығын көрсін", - деп жазды желідегілер.

"Шоқпардай ұл туып бергенің үшін": қос келініне алтын сақина таққан ене көпшілікті сүйсінтті (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.