jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Елімізде 2-сыныптың оқу бағдарламасынан шет тілі алып тасталуы мүмкін

Кітапқа қарап отырған мектеп оқушылары
Кітапқа қарап отырған мектеп оқушылары. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстандық екінші сынып оқушыларының оқу бағдарламасынан шет тілі пәні алып тасталуы мүмкін. Бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Оқу-ағарту министрлігі ұсынған құжатта 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап екінші сыныптарда "Шет тілі" пәні алып тасталатыны айтылған.

Сондай-ақ "Көркем еңбек" пәнінің орнына "Еңбекке баулу" және "Бейнелеу өнері" пәндері енгізілетіні айтылған.

Сонымен қатар төмендетілген оқу жүктемесімен 10-11 сыныптардағы үлгілік оқу жоспарларының вариативтік компонентіндегі 1 сағат "Шет тілі" пәніне беріліп отыр. Осылайша, 10-11-сыныптарда "Шетел тілі" бір сағатқа артады.

Бұдан бөлек құжатта оқушыға түсетін оқу жүктемесін азайту, STEM білім беру тәсілдері, тәрбиелік компонент негізінде жаратылыстану-математикалық пәндерді оқытуды күшейту туралы айтылған.

"11 жылдық оқыту шеңберінде оқу бағдарламаларын жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс Қазақстандық білім беру жүйесін білім берудің халықаралық стандарттық сыныптамасы деңгейіне шығаруға мүмкіндік береді және мектеп түлектеріне Еуропалық біліктілік шеңберінің қажетті деңгейлерін игеруге мүмкіндік береді", - делінген құжатқа түсіндірме жазбада.

Бұйрыққа түзетулер енгізу жобасы 24 сәуірге дейін қоғамдық талқылауда болады.

Елімізде 2-сыныптың оқу бағдарламасынан шет тілі алып тасталуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.