Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да қызды аяусыз ұрып-соқты: жанжалға қатысқандардың бірінің анасы мемлекеттік қызметтен кетті

Опубликовано:

Әйел адам құжатқа қол қоюда
Құжатқа қол қою. Көрнекі фото: Рexels.com

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы Өскемендегі сауда орталығының дәретханасында болған оқиғаға қатысушылардың бірінің анасы жұмыстан шығарылғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

"Иә, ол шынымен де Өскеменнің білім бөлімінің қызметкері болған, бірақ өз еркімен жұмыстан шығуға өтініш білдіріп, бұл әрекетін ол баласының құқыққа қайшы әрекет жасағандықтан мемлекеттік қызметте қалуға моральдық құқығы жоқтығымен ауызша түсіндірді", – дейді Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева.

Ол жұмыстан шыққан қызметкер қызының мінез-құлқы туралы ештеңе білмейтінін айтты.

"Ол көп балалы ана, төрт баласы бар. Және ол үшін бұл, маған сеніңіз, үлкен шок. Мұнда менің ойымша, бұл отбасына шабуыл жасаудан бас тарту керек және бәріміз, яғни ата-аналар өзіміздің ата-ана ретінде жұмысымызды қаншалықты тиімді орындап жатқанымызды ойлануымыз қажет. Өйткені, өкінішке қарай, мұндай нәрседен ешкім сақтандырылмаған. Өйткені, біз бәріміз соңғы уақытта бос емеспіз және балалармен аз уақыт өткіземіз", – деп қосты Инесса Чернышева.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Өскеменде қызды аяусыз ұрып-соғып жатқан видео тараған болатын. Оқиға сауда-ойын-сауық орталығының дәретханасында болған. Жағдай жасөспірімдер арасында болғандығы да айтылған.

Жарияланған кадрларда бір қыздың екіншісін ұрып-соғып, киімдерін жыртып, мазақ етіп жатқанын көруге болады. Ал тағы біреуі оларды камераға түсіріп тұр. Жәбірленуші қыз "Көмектесіңіздер!" деп айқайлауда.

Полиция бұл оқиғаның 2023 жылдың 1-2 наурызында болғанын түсіндірді. Аталған факт Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді (алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобымен жасалған бұзақылық).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2016346-sygys-qazaqstan-oblysynda-qyzdy-zorlyq-zombylyqpen-uryp-sogu-oqigaga-qatysusylardyn-birinin-anasy-memlekettik-qyzmetten-ketti/

pixel