Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Батыс Қазақстанда алтыншы сынып оқушысы жоғалып кетті

Опубликовано:

Әйтекеби Балмағамбет
Әйтекеби Балмағамбет. Фото: mgorod.kz

10 сәуірде БҚО Бәйтерек ауданы Үлкен Шаған ауылында 2010 жылы туған бала жоғалып кетті. Облыс полицейлері баланы іздестіру бойынша бағыт-бағдар таратты, деп хабарлайды "Мой город" порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

БҚО баспасөз қызметінің хабарлауынша, 10 сәуір күні сағат 21:00-де Бәйтерек ауданы Үлкен Шаған ауылында 6-сынып оқушысы 2010 жылы туған Әйтекеби Балмағамбет үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Басылым мәліметінше, баланың үстінде қара күртеше, көк шалбар, қара бас киім және қара етік болған.

"Кімде-кім бала туралы қандай да бір ақпарат білсе, Бәйтерек аудандық ішкі істер бөліміне +7 (71130) 22-002, 22-448, +7 705 515 80 70 немесе 102, +7 ( 7112) 51 04 50, 92 10 26 телефондары бойынша полиция бөліміне хабарласу сұралады", - деді БҚО полиция департаменті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2016403-bqo-da-zogalyp-ketken-altynsy-synyp-oqusysy-izdestirilude/

pixel