Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Энергетика министрі қазақстандықтар идеяны қолдамаса, АЭС салынбайтынын айтты

Опубликовано:

АЭС
АЭС. Көрнекі сурет: steppe.com

Қазақстанның жаңа энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев АЭС салу туралы шешімде қазақстандықтардың пікірі маңызды екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасының сайтына сілтеме жасап.

Телеарнаның хабарлауынша, қазір Қазақстан билігі атом электр станциясын салу мүмкіндігін қарастыруда. Бүгінде салалық ведомство атом электр станцияларын салу бойынша тәжірибесі мен технологиясы бар Франция, Корея, Қытай және Ресей елінен бірнеше шетелдік компанияны қарастыруда. Әр мемлекеттен өзінің әлеуетті мердігерлері келеді.

Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, Қазақстанға атом электр станциясы қажет. Бұл көміртегі ізін азайтып, елді электр энергиясының сенімді көзімен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар Қазақстан уран шикізатын өндіру бойынша әлемде көшбасшы болып табылады, сондай-ақ ядролық реакторлар үшін дайын отын шығарады.

Энергетика министрі АЭС құрылысына қатысты түпкілікті шешім халық өз пікірін білдіргеннен кейін ғана қабылданатынын мәлімдеді.

"Халықпен ынтымақтастыққа келетін бірнеше жолы бар. Халық қарсы болса, бұл станция салынбайтыны анық. Мұның барлығын қалай өткізуді талқылау үшін референдум немесе кеңейтілген халық тыңдауын не парламент отырысын өткізуге болады", - деді Сәтқалиев.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Қазақстандағы АЭС құрылысы

Еске сала кетейік, Қазақстанда атом электр станциясының құрылысы туралы ақпарат Ресей президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылы Мәскеуге сапары кезінде тиісті ұсыныс жасағаннан кейін белсенді түрде талқылана бастады.

Кейін қазақстандық атом электр станциясын Алматы облысында салу жоспарланғаны белгілі болды. Дәлірек айтсақ, Үлкен ауылында салынбақ.

Қазақстанда атом электр станциясы салыну мүмкін деген ақпарат тарағаннан кейін бұл қазақстандықтар арасында қызу талқыға түсті. Бірақ Тоқаев бұл мәселе бойынша қорқу орынсыз екенін айтты.

2021 жылы билік таңдалған құрылыс алаңы "ұлттық электр желісінің топографиясы бойынша ең қолайлы учаске" екенін мәлімдеген.

2022 жылдың маусымында энергетика министрлігі Қазақстандағы бірінші атом электр станциясын құру үшін шетелдік компаниялардың технологиясы қарастырылған соң, төрт мердігердің тізімі жасалғаны хабарланған. Энергетика министрлігі "Росатомды" құрылыс технологиясы жағынан Қазақстандағы болашақ атом электр станциясының үлгісі деп атады.

Алайда 2023 жылдың қаңтарында премьер-министр Әлихан Смайыловтың айтуынша, әзірге "Росатом" бойынша шешім қабылданған жоқ.

Сондай-ақ биыл ақпан айында Алматы облысы Жамбыл ауданының әкімдігі аймақтағы атом электр станциясының құрылысына қатысты халық тыңдауын жариялағанын, бірақ сайлауға байланысты кейінге қалдырылғанын хабарлады. Тыңдау мәслихат құрылғаннан кейін қайта өткізіледі деп уәде берді әкімдік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2016426-energetika-ministri-qazaqstandyqtar-ideyany-qoldamasa-aes-salynbaitynyn-aitty/

pixel