Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дау реттелді": бас прокуратура Астанада наразылыққа шыққан жаңаөзендіктер мәселесіне пікір білдірді

Опубликовано:

Фото: NUR.kz
Жандос Өмірәлиев: NUR.kz

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев мәжіліс кулуарында Астанада наразылық шарасын ұйымдастырған жаңаөзендіктер мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"10 сәуір күні Астанадағы Энергетика министрлігі ғимаратының алдына бір топ адам бұрынғы жұмысына қайтаруды немесе "Өзенмұнайгаз" компаниясына жұмысқа орналастыруды сұрап, заңсыз жиналған. Бұл ретте, әлбетте, олар мұндай акцияны ұйымдастырудың тәртібін бұзған.

Пикеттер, жиындар ұйымдастыру үшін алдын ала бес күн бұрын жергілікті атқарушы органдарға хабарлама жіберу қажет. Бұл жұмысшылар Астананың жергілікті атқарушы органына хабарлама жібермеген.

Жағдайды тұрақтандыру үшін митингіге шыққан жұмысшылармен кездесу өткізіліп, онда оларға осындай еңбек дауларын реттеу тәртібі түсіндірілді.

Сонымен бірге еңбек жағдайы мен жалақысын сақтап, осыларға ұқсас компанияға жұмысқа тұрғызу туралы ұсыныс жасалды. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін прокуратура және жергілікті атқарушы органдар мұндай даулар наразылық шарасы емес, сотқа дейінгі немесе сот тәртібінде шешілетінін бірнеше мәрте түсіндірген.

Полиция органдары әкімшілік құқықбұзушылықтың алдын алу үшін полицияға жеткізген. Түсіндіру жұмыстарын өткізген соң ЖШС-ның бұрынғы жұмысшыларының көп бөлігі босатылды, олар Маңғыстауға жолға шықты. Анағұрлым белсенділік танытқан бес құқықбұзушы ҚР ӘҚБК-нің 488 бабы бойынша жауапкершілікке тартылып, босатылды. Оларға ескерту жасалды (...). Оларға қатысты ескерту шарасы қолданылды. Дау реттелді", - деді Өмірәлиев.

Полицияға жеткізілген 120-126 адамның барлығы босатылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2016437-bas-prokuratura-astanaga-kelip-talap-qoigan-zanaozendikter-maselesine-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel